|
|
|
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат, № 15-16, 232-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-бапта: 2) және 4) тармақшалар алып тасталсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "7) астық қолхатын ұстаушы - астық иесi, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;"; мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын: "7-1) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған астық иесi, қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 7-2) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде астықты кепiлге ұстаушы болып табылатын тұлға;"; 11), 12) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "11) астықтың сапасы - астықтың мемлекеттік стандарттардың, техникалық жағдайлардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтер мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы; 12) астық рыногының мониторингi - астықты өндiрудi, сақтауды, қайта өңдеудi және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректердi жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты iс-шаралар жиынтығы;"; "14) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн жаңарту - оның бiр бөлiгiн сату және жаңа егiннiң астығы есебiнен мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiленген көлемiн және қажеттi сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егiннiң астығын сатып алу;"; мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: "14-1) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттік астық ресурстарын бiр астық қабылдау кәсiпорнынан басқасына тасу;"; 20), 21), 23) - 25) тармақшалар алып тасталсын; 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "22) астық сапасының сертификаты - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарт талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;"; мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын: "22-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;"; 27) тармақша "тасымалдауға" деген сөзден кейiн ", қайта өңдеуге" деген сөздермен толықтырылсын; 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "28) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;"; 30) тармақшадағы "қызметтiң айрықша түрi құқығымен" деген сөздер алып тасталсын; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "31) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;"; мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын: "32) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа сертификатын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені."; 2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "2) Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес астықты сертификаттау;"; "4) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелерді сақтауын бақылау;"; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау;"; 7) тармақша "қорғау" деген сөзден кейiн "және олардың карантинi" деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша алып тасталсын; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртібін белгiлейдi;"; 4) тармақшадағы "мемлекеттік ресурстардың астығын" деген сөздер "мемлекеттік астық ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы "мен өсiмдiктердi қорғаудың" деген сөздер ", өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "7) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелердi сақтауын бақылау; 8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңдарын бұзу туралы нұсқамаларды беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;"; мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын: "9-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 9-2) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілеттi органмен келісім бойынша астықтың сапасына сараптама жасау және астықтың сапасына сертификат беру тәртібіне талаптар әзiрлеу; 9-3) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған жағдайда астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;"; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "11) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы жөніндегі, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту;"; 12) - 14) тармақшалар алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн астық санитариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуға тиiс."; 2-тармақ "уәкілеттi орган" деген сөздерден кейiн ", оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) фитосанитариялық бақылауды қамтиды."; 6) тармақша алып тасталсын; 6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: "8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау 1. Астықтың сапасына сараптама жасауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады. 2. Астық сапасының сертификатынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi."; 2-тармақ "тасуға" деген сөзден кейiн "(, ауыстыруға)" деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "экспорттау мен импорттау кезiнде азық-түлiктiк және жемдiк астыққа - астық сапасының сертификаты;"; 3) тармақша "қорғау" деген сөзден кейiн "және оның карантинi" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақшаға енгiзiлген өзгерiс Заңның мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде дұрыс жазылған; 1-тармақтың 3) тармақшасындағы "тұқымдық астық" деген сөздер "тұқым" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "3. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының азық жөніндегі қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкін. 4. Мемлекеттік тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болғанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келісімдердi орындауды қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым запасы. 5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - iшкi рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, iшкi рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік тұқым ресурстарын және мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын жаңарту үшiн құрылған және соған арналған астық запасы. 6. Мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу жөніндегі шығыстар: 1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшiн - республикалық бюджет; 2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және ауыстыру жөніндегі шығыстар: 1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi үшiн - республикалық бюджет; 2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады."; 10) 12-баптың 1-тармағы "жаңарту" деген сөзден кейiн ", ауыстыру" деген сөзбен толықтырылсын; 11) 5-тараудың тақырыбы "және қырман шаруашылықтары" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: бiрiншi бөлiктегi "тек қана" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы."; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға: 1) қырман шаруашылықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық сақтау жөнiнде қызмет көрсетуге; 2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес."; 13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын: "16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепілдiк беру жүйесi және қоры (қорлары) 1. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары ғана астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болуы мүмкін. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөлiктерiн ұстаушылардың алдындағы шарт бойынша өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін ерiктi сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандыруға мiндеттi. 2. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауапкершілікте болады. 3. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуi мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 4. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар - астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз мүлкін және өзге де мүлiктiк мүдделердi сақтандыра (өзара сақтандыра) алады. 5. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгiзiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы - астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi кезектегi тәртiппен жүргiзедi."; 14) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын: "16-1-бап. Қырман шаруашылықтары Меншiк құқығымен жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi және астықтың тауарлық партиясын қалыптастыру мен оларды лицензияланған астық қабылдау кәсiпорындарында сақтау үшiн кейiннен ауыстыру, сондай-ақ астық дақылдары тұқымдарының партиясын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс қырман шаруашылығы деп танылады. Қырман шаруашылығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялануға жатпайды. Осы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар астық қолхаттарын беруге құқылы емес."; 15) 17-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2) астық қабылдау кәсiпорындары астықты сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);"; 16) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын: "19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу 1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтауға жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi: 1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату; 2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету. Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтау және астық сақтауға байланысты емес қызмет бойынша операциялардың бөлек есепке алынып жүргiзілуін қамтамасыз етуге мiндеттi. 2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының: 1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына; 2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткізу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады."; 17) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықты сақтау жөніндегі қызметiне, астық рыногы мониторингiн оның қатысушыларының жүргiзуiне қойылатын біліктiлiк талаптарын сақтау мәселелерi бойынша есеп жүргiзудiң және есептiлiк ұсынудың тiзбесiн, нысандары мен мерзiмдерiн мемлекеттік статистика органдарымен келісім бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi."; 1-тармақтағы "біліктiлiк талаптарына сәйкестiгi жөнiнде" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Астық қабылдау кәсiпорындары тексеру тапсырмасында аталған мәселелер бойынша тексерудi жүргiзуде уәкiлеттi органға жәрдем беруге, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ақпараттың барлық көздерiне қол жеткізудi қамтамасыз етуге мiндеттi."; 19) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын: "24-1-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкiлеттiктерi 1. Уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қызметшiлердiң лауазымдарына сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас астық инспекторы" және "Мемлекеттік астық инспекторы" деген қосымша арнайы атақтарды беруге құқылы. 2. Уәкілеттi органның мемлекеттік астық инспекторларының: 1) астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен астықты өндiру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына кедергiсiз кiруге (қызмет куәлiгiн көрсете отырып) және астық рыногын мемлекеттік бақылауды және оған мониторинг жүргiзудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуға; 3) астық қабылдау кәсiпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заң актілеріне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға; 5) астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) қайтарып алу, астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды енгізу, астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу туралы ұсыныстар енгізуге; 6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкілеттiлiктердi жүзеге асыруға құқығы бар."; 1-тармақтағы "Астық рыногын реттеу мәселелерi" деген сөздер "Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөніндегі, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi."; 21) 26-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "26-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемелерi 1. Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру: 1) астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды бұзғаны; 3) нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамағаны; 4) астық қабылдау кәсiпорындары үшiн шектелген қызметтi жүзеге асырғаны; 5) астық қолхаттарын ұстаушылардың өтiнiштерi бойынша, астықты қабылдау және түсiру-тиеу кезiнде және олар құжаттамамен расталған жағдайда астықтың саны мен сапасының көрсеткiштерiн үнемi бұрмалау фактілерiн анықтағаны (кейiнгi күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет); 6) жыл сайын мiндеттi аудит өткізу туралы талаптарды орындамағаны үшiн жүргiзiледi."; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны керi қайтарып алудың негiздемелерi"; бiрiншi абзац "Лицензия" деген сөз "Астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Лицензия лицензиат лицензиядан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда соттан тыс тәртiппен керi қайтарып алынады."; 23) 28-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "1) астық сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы; 2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуі бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн."; 24) 29-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына енгiзiлген өзгерiс Заңның мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде дұрыс жазылған; 25) 7-тараудың тақырыбы "және олардың астық қоймаларын (элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртібі" деген сөздермен толықтырылсын; 26) 37, 39, 40 және 41-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi 1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады. 2. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кем дегенде екi ай қалғанға дейiн астық қабылдау кәсiпорны өзiне белгiлi астық қолхаттарын ұстаушыларды мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспа басылымдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде бұл туралы хабарландыру беруге тиiс. 3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады. 4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөніндегі мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн. 5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртібімен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткізу жөніндегі комиссия жасаған және уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiнiң мемлекеттік астық инспекторы бекiткен астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады. Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады."; "39-бап. Астық қолхаты 1. Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға қабылдағанын растайтын астық қолхатын бередi. 2. Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады. 3. Астық қолхатының әрбiр бөлiгi мынадай мiндеттi деректемелердi бiрдей қамтуға тиiс: 1) уәкiлеттi орган берген код; 2) астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi; 3) астықты сақтауға қабылдап алған астық қабылдау кәсiпорны салық төлеушiсiнiң атауы, тұрған жерi мен тiркеу нөмiрi; 4) астық қабылдау кәсiпорнының тiзiлiмi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi; 5) салық төлеушi заңды тұлғаның атауы, тұрған жерi, мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, тiркеу нөмiрi не аты-жөнi, сондай-ақ салық төлеушiнiң тiлегi бойынша әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi, тiркеу нөмiрi, астықты сақтауға тапсырған жеке адамның жеке басын куәландыратын құжат;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |