Жоба "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 қарашадағы № 1101 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлдi Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негiздерi мен кепілдігін белгілейді, азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың iске асыруға қатысуын реттейдi. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: анатомиялық сый - ағзалар мен тiндер беру; биологиялық өлiм - өмiрлiк маңызды функциялар қайтымсыз сөнген кездегi организм тіршілігінің тоқтауы, организм тiрi жүйесiнiң өмiр сүруiнің соңғы сатысы; тегiн медициналық көмектiң кепілдендірілген көлемi - Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына көрсетiлетiн медициналық көмектiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы бiрыңғай көлемi; гомеопатия - науқастарды дәрілік заттардың аз мөлшерімен емдеу әдісi; ерiктi медициналық сақтандыру - тегін медициналық көмектің кепiлдендiрiлген көлемінен тыс азаматтарға қосымша қызметтер көрсету жөніндегi тараптардың ниет білдiру күшiн жүзеге асыратын сақтандыру; донор - қабылдаушыға донорлық қан, оның құрамдас бөлiктерiн құю, ер адамның донорлық материалын (ұрығын) алу немесе ағзаны (ағзаның бөлiктерiн) немесе тiндердi ауыстырып қондыру жүргiзiлетiн адам, адамның мәйiтi, жануар; инсеминация - ер адамның донорлық материалын (ұрығын) әйелдiң жыныс жолына жасанды түрде енгізу; апаттар медицинасы - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа шұғыл медициналық көмек қызметi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|