Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру бойынша бірінші кезектегі заңнамалық іс-шаралар жоспарын қара
1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.». 1) 1-тармақтағы «Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 2-тармақтағы «, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға» деген сөздер алып тасталсын. 3. 9-баптағы «нышандары» деген сөз «рәміздері» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.». 5. 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.». 6. 34-баптың 2-тармағындағы «нышандарын» деген сөз «рәміздерін» деген сөзбен ауыстырылсын. 1) 1-тармақтағы «жеті» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 2-тармақтағы «кемінде он бес» деген сөздер «соңғы он бес» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|