Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. “Нормативтік құқықтық актілер туралы” 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: 1) тармақша “қоғамдық” деген сөздің алдынан “аса маңызды” деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша “біртектес” деген сөзден кейін “аса маңызды” деген сөздермен толықтырылсын; 2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: “Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.”; он жетінші абзац “біртектес” деген сөзден кейін “аса маңызды” деген сөздермен толықтырылсын; 16) тармақшадағы “қылмыстық іc жүргізу сияқты біртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.” деген сөздер “қылмыстық іc жүргізу;” деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: “17) денсаулық сақтау саласы сияқты біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.”; 4) 4-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтін өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 5) 5-баптың 2-тармағындағы “Күшіне енген” деген сөздер “Қолданысқа енгізілген” деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 14-баптың 5-тармағындағы “және бюджеттен тыс қаражатты” деген сөздер “қаражат пен гранттарды” деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: “Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса беріледі.”; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|