Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014 2015 жылдар) бекіту туралы (2015.05.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңі (2014 - 2015 жылдар) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Жоспарды орындауға жауапты мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жыл сайын, 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын, 10 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2015.05.02. № 42 Қаулысымен екінші кезеңі өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын екінші кезеңі (2014 - 2015 жылдар)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|