Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды 2014 жылы жоғары оқу орындары арасында бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияларды 2014 жылы жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін. 2. Жоғары оқу орындарының ректорлары Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияларды студенттер мен магистранттарға жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде тағайындасын. 3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық қатынастар департаменті: 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын; 3) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 4. Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) көрсетілген стипендияларды тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап төлеуді жүзеге асырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 156 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияларды 2014 жылы жоғары оқу орындары арасында бөлу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|