Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 22 ҚОСЫМША
Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 79, 80, 83-баптарына сәйкес газ саласындағы ынтымақтастық негіздерін, мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаттары мен талаптарын айқындайды. 2. Осы Хаттамада пайдаланлатын ұғымдар мыналарды білдіреді: «газға ішкі қажеттіліктер» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында тұтыну үшін қажетті газ көлемі; «газ» - негізінен метаннан тұратын, газ тасымалы жүйелері арқылы сығылған газ тәріздес күйде тасымалданатын, мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін және (немесе) шығарылған газ тәріздес көмірсутектердің және басқа газдардың жанғыш қоспасы; «газ өндіретін мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда аз тұтынылатын мүше мемлекеттер; «газ тұтынатын мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда көп тұтынылатын мүше мемлекеттер. «газ тасымалы жүйелері» - магистральдық газ құбыржолдарын қамтитын газ тасымалдауға арналған құрылыстар және газ тарату желілерінен басқа, олармен бірыңғай технологиялық процеспен байланысты объектілер; «газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - газ тасымалдау үшін мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын газ тасымалы жүйелерін пайдалану құқығын беру; «газға тең кірісті бағалар» - газдың ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, оның ішінде мынадай қағидаттарға негізделе отырып қалыптастырылған көтерме бағасы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|