«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 872 бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сотталғандарды мекемеге қабылдауды мекеме бастығының кезекшi көмекшiсi (бұдан әрі - кезекші) арнайы бөлiм мен медициналық бөлiм қызметкерлерінің қатысуымен мекеменің бақылау-өткізу пунктінде жүзеге асырады. Қызметкерлерді үстеме жұмыстарға тарту Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сотталғандарды мекемеге қабылдау уақытында кезекші сотталғандардың жеке iстері бар қағаз пакеттердің тұтастығын, сондай-ақ мастикалық мөрлерінің тұтастығы мен бар-жоғын тексереді, келген сотталғандарды жеке іс құжаттарымен (жеке басын куәландыратын құжаттар, мамандығының бар-жоғы туралы куәлiк, медициналық картасы және жеке iсi бойынша басқа да құжаттар) салыстырады, келген сотталғандардың киімінің маусымға сәйкес келуін тексереді. Қағаз пакет немесе мастикалық мөр бүлінген жағдайда қарауыл бастығымен бiрлесіп акті (еркін нысанда) жасайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|