ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №21, 115-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1, 2 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 9 543 305 694 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 4 787 775 502 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 102 758 432 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 1 398 507 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 4 651 373 253 мың теңге; 2) шығындар - 10 740 128 973 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 191 542 795 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 273 866 697 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 82 323 902 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 159 496 347 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 162 396 347 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 900 000 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - — 1 547 862 421 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 3,1 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 547 862 421 мың теңге. 2-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 37 950 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 612 870 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»; «6-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 1 534 565 234 мың теңге сомасында көзделсін. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|