Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық терминологияны одан әрі жетілдіру және біріздендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Комиссияның жұмыс органы болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Комиссияның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы туралы ереже бекітілсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б. Төкежановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 580 бұйрығына 1-қосымша
Денсаулық сақтау саласында медициналық құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|