Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Адвокаттармен көрсет ілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 бұйрығы
Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары
1. Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|