Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15551 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларында: 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру уақыты, тексеру, ұйқыға жату, дәретхана, дене жаттығуы, тамақтану, сейілдеу, тәрбие-алдын алу іс-шараларын өткізуі, кездесу бөлмелерінің, дүкеннің, медициналық-санитарлық бөлімшенің жұмыстары, телефонмен сөйлесу кіреді. Күн тәртібінде сотталғандардың үздіксіз сегіз сағаттық ұйқысы мен оларға жеке уақыттың берілуі көзделеді. Сотталғандардың аптасына кемінде бір рет жуынуы қарастырылады. Жуыну күні мен уақыты камера бойынша кестемен бекітіледі.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37. Науқас сотталғандарды орналастыру медицина қызметкерлерінiң келісімі бойынша жүргізіледі. Жұқпалы ауруының болуына күдікті адамдар карантинге бөлiнген камераларға орналастырылады. Карантин мерзiмi медицина қызметкерінің көрсеткiштері бойынша бекітіледі. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтiмдi және қадағалауды қажет ететiн аурулар басқа сотталғандардан бөлек орналастырылады.»; 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|