|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы бес жүз екінші абзацпен толықтырылсын: «342-1-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу»; 2) мынадай мазмұндағы 342-1-баппен толықтырылсын: «342-1-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялардың: отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радиобағдарламаларды белгіленген пайыздық нормалардан кем тарату; телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату; телеарнада кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпаратты тарату түрінде жасалған бұзуы, - дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, - дара кәсіпкерлерге, лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын телерадио хабарларын тарату операторларының: ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру; телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы; телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасалған бұзуы, - дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, - дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының: жергілікті уақыт бойынша 06.00-ден 22.00-ге дейінгі кезеңде балалар мен жасөспірімдердің денелік, психикалық, имандылық, моральдық және рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін телебағдарламаларды, сондай-ақ «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Е 18» индексімен индекстелетін фильмдерді тарату; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау мүддесінде халықты хабардар ету сигналын телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-, радиокомпаниялардың он бес минут ішінде уақтылы таратпауы; телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану; жерүсті спутниктік жеке қабылдау құрылғылары арқылы радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау; телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдік теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасалған бұзуы, - дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, - дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: отыз жетінші абзац «342 (екiншi бөлiгi),» деген сөздерден кейін «342-1 (бесінші бөліктің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары),» деген сөздермен толықтырылсын; елу төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының (127, 163-6, 165, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөлік, бесінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары), 343, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346 - 352-баптар);». 2-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді 2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 455-баптың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);»; 2) 456-бапта: кестеде: реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын: «9. Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттiк тiркегенi (есепке қойғаны) үшiн:»; 3) 473-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi - рұқсат) берген кезде ұқсас сигнал арқылы қызметті жүзеге асыратын телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) алынады.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің белдеулері (номиналдары) конкурс өткізбей бөлінеді.»; 4) 512-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің номиналдары конкурс өткізбей бөлінеді.»; 5) 513-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн, оның ішінде эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратуды ұйымдастыру үшін пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»; 6) 514-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төлемақының жылдық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерiне негiзделе отырып, радиобайланыс түрiне, пайдаланылатын жиiлiктердiң номиналдарына (диапазон белдеулеріне), радиоұзартқыштар жинақтамаларына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметтерi ұсынылатын елді мекен аумағында тұратын халықтың санына, сондай-ақ таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай айқындалады. 2. Радиобайланыстың мына түрлеріне төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:
4. Қоса алғанда алты айға дейiнгі мерзімде тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түрiне, радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ төлемақының жылдық мөлшерлемесінің кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi. Енi осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлгеннен өзгеше дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеушi нақты қолданатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлес салмағының осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып айқындалады. Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц белдеу үшiн алынады.»; 7) 515-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат құжаттарында көрсетiлген техникалық параметрлерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай төлемақының жылдық мөлшерлемелері негiзiнде есептейдi.». 3. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат): 2-бап мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын: «45-1) эфирлiк және кабельдік хабар тарату ұйымдары - туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы қамтитын теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды (теле-, радио хабарларды) эфирге және (немесе) каблель арқылы хабарлауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Эфирге және (немесе) кабель арқылы хабарлау ұқсас эфирлік, көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, спутниктік, кабельдік телерадио хабарларын тарату) арқылы жүзеге асырылады.». 4. «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат): 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.». 5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы; 2) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға; 3) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары; 4) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны; 5) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат; 6) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 7) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру; 8) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым; 9) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға; 10) кешен - бiр бiрiмен ортақ мақсаттарымен байланысты және бiрыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы; 11) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 12) порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино, бейнеөнім - моральдық құндылықтарға сәйкес келмейтін, адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын жыныстық қатынасты натуралды түрде, егжей-тегжейлі фиксациялау не жыныстық әуестіктің қозуына немесе жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал ететін жыныстық қатынас процесіндегі жалаңаш гениталийлерді көрсету;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |