|
|
|
Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
«Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) Бағдарламаның тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1251 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама
Мазмұны
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Президенттің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында жетекші басымдықтардың бірі ретінде азаматтардың денсаулығы мен салауаттылығы аталған. Белгіленген ДСҰ-ға кіру перспективасымен, Президент өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында 2006 жылы денсаулық сақтау жүйесіне арналған негізгі міндетті, атап айтқанда, денсаулық сақтау ісінде ұйымдастыру мен басқарудың халықаралық стандарттарына көшуді айқындап берді. Қан қызметі - денсаулық сақтау ісінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, оның қызметінің мақсаты бейбіт заманда және төтенше жағдайлар кезінде трансфузиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ол жалпы мемлекеттік стратегиялық сипатқа ие, себебі елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін қозғайды. Соңғы он жылдықтар ішінде, бір жағынан қан құрауыштарын құю тәуекелін түсінуге байланысты, ал екінші жағынан науқастарға көмек көрсету үшін қан құю қажеттілігімен байланысты қан қызметінің алдында тұрған міндеттерді шешуде түбегейлі өзгерістер болды. Хирургиялық көмекті дамыту, науқастарды емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу трансфузиологиялық құралдың сапасының жоғары деңгейін және қанның донорлық құрауыштары мен препараттарына деген қажеттілікті одан әрі арттыруды алдын ала анықтайды. Бүгінгі күні қан қызметі шығаратын құрауыштар мен препараттар таптырмас құрал болып табылады - олар елдің ұлттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің маңызды факторы. Қан құрауыштары мен препараттарының сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын жоғары талаптарды, оларды өндіру мен қолдану ерекшелігін анықтайды. Оларды алу көзі адам (донор) болып табылады. Сондықтан одан алынған қанның құрауыштарының сапасы мен қауіпсіздігі донордың денсаулығына, реципиенттің (қанның донорлық құрауыштарын алушы адам) денсаулығы тәуелді болады. Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 111-тармағына сәйкес әзірленді және қан қызметін жетілдіру мен дамыту жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды қабылдауға бағытталған.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Республиканың Қан қызметінің ұйымдық құрылымы әкімшілік-аумақтық қағидат бойынша құрылған және «Республикалық қан орталығы» РМҚК, облыстық маңызы бар 16 қан орталығынан, 10 - қалалық (өңірлік) қан орталықтарынан тұрады. Қан орталықтарының ұйымдық-құқықтық нысаны: Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар - 24; Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар - 1; Мемлекеттік мекемелер - 2; Республикада қан құрауыштарының және препараттардың диагностикалық стандарттардың 25 атауы шығарылады. Қан орталықтары деңгейінде Қазақстан Республикасының барлық қанының 90%-тен астамы дайындалады. Соңғы 15 жылда Қазақстан Республикасының қан қызметінің барлық негізгі өндірістік көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. 2006 жылы қан дайындау 1991 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге, эритромасса өндірісі 1,8 есеге, ЖҚП - 1,5 есеге қысқарған. Қан қызметінің келесі буыны - емдеу медициналық ұйымдардың бөлімшелері болып табылатын және қан орталықтарымен құрылымдық жағынан бөлектенген 120 ҚҚБ және 68 ҚҚК. Олардың үлесіне Қазақстан Республикасында дайындалатын барлық қанның 10 %-ы келеді. ҚҚБ және ҚҚК донорларының негізгі санатына донор-туысқандар жатады. Донорларды қабылдау оларды алдын ала тексерусіз эпидқоршаған орта және тәуекел тобының адамдарының деректер базасы бойынша жүзеге асырылады. Әлсіз материалдық-техникалық база, мамандандырылған жабдықтармен және қазіргі заманғы шығыс материалдарымен жеткіліксіз жабдықталуы донордан алынатын қан шыны (бір реттік пайдаланатын емес) ыдыстарда дайындалады. Гемоқұрауышты терапия қағидаты мен сұйылтылмаған қанды құюдан бас тарту 1986 жылы 3 желтоқсанда КСРО денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген қан мен оның құрауыштарын құю бойынша Нұсқаулықта 1986 жылы ресми бекітілгеніне қарамастан, сұйылтылмаған донор қанының трансфузиясы орын алған. Республикада 2005 жылы 178 557,9 литр дайындалған донор қанынан сұйылтылмаған күйде - 2 634,1 литрі (1,4%) құйылған. ҚҚБ мен ҚҚК құрамында трансфузиялық инфекцияның скринингіне және қан құрауыштарының сапасын бақылануға арналған зертханалардың болмауы ҚҚБ мен ҚҚК-ға буыны сапа мен қауіпсіздіктің қазіргі заманғы стандарттарына сәйкес келетін қан құрауыштарын өндіруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінгі күні қан қызметінің дәл осы буыны қанның донорлық құрауыштарымен трансфузиялық инфекциялардың берілу қаупін төндіреді. Бұл факт ерекше алыс аудандарда қан құрауыштарының жоқтығы салдарынан тексеруден өтпеген донордан сұйылтылмаған қанды тікелей құю арқылы трансфузиялық көмек көрсету жағдайларында ерекше мәнге ие. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жасалған Қазақстанның қан қызметінің ұйымдық құрылымы қанды дайындау сатысын оны қолдану орнына жақындатуға бағытталған. Қазіргі кезде ол трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы қағидаларына сәйкес келмейді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының қан қызметін құрылымдық реформалау туралы мәселені жоғары технологиялық және материалды қажетсінетін процестерді орталықтандыру қағидасы негізінде қарастыру қажет, атап айтқанда қанды қайта өңдеу мен оның құрауыштарын өндіру, донорлардың қан үлгілерін зертханалық тестілеу, қан құрауыштарын уақытша тоқтату және олардың қорларын басқару. ҚҚБ мен ҚҚК қызметін клиникалық трансфузиология әдістерін дамыту және қан орталығы өндірген донорлық қанның құрауыштарын сақтауды қамтамасыз ету бағытында қайта бейіндеу қажет. Қан қызметін қаржыландыру 2005 жылы денсаулық сақтау бюджетінің 0,91 %-ды құрады, бұл қан өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы қағидаттарына сәйкес осы саланы дамыту үшін жеткіліксіз. Қазіргі кезде пайдаланылатын жабдықтар мен медициналық бұйымдардың 50 %-дан 85%-ға дейін 100 %-дық тозған және оларды есептен шығару керек (9 қан орталығы). Мысалы, Республикалық қан орталығында 100% тозған жабдықтардың меншікті салмағы 63,7 %-ды құрайды, қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету бар жоғы 14,2 %-ды құрайды. Қан қызметі саласындағы медициналық ұйымдардың жабдықталуы 40%-дан 90% дейін ауытқып отырады. Қан құю бөлімдерінде қамтамасыз ету деңгейі 10% белгі шегінде. Қан қызметін қаржыландыру көлемінде өңірлер бойынша елеулі айырмашылықтар байқалады, 1 тұрғынға есептегенде - 13 еседен көп. Мысалы, Астана қаласында қан қызметін қаржыландыру үлесі 2005 жылы бір тұрғынға 244,7 теңгені құрады, ал Алматы облысында - 18,3 теңге. Барабар қаржыландырудың болмауы көптеген қан орталықтарының материалдық-техникалық базасының моральдық және физикалық жағынан тозуына әкелді және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Көптеген мекемелерде негізгі мамандандырылған жабдық 20 жылдан астам уақыт жаңартылмаған, бұл донорлық қан құрауыштарының сапасы мен қауіпсіздігіне теріс әсер етті. Қазірге дейін донор қанын шыны (көп рет қолданылатын) ыдыстарда дайындалады, плазманы аппараттық дайындаудың қазіргі заманғы әдістемесі тек бірлі-жарым қан орталықтарына ғана енгізілген (АҚО, ҚҚО, Астана қ.), ал қанның клеткалық құрауыштарын автоматты дайындау мен оларды ұзақ уақыт сақтау технологиясы жоқ. Қан құрауыштарын өндірудің технологиялық процесінің барлық сатылары қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген. 28 қан орталықтарының ішіндегі 16-сы өткен ғасырдың 30-60-шы жылдарындағы жобалар бойынша салынған жайларда орналасқан, олар қазіргі кездегі донорлық қан құрауыштарын өндіру мен қанды дайындауға арналған үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді. Қолданыстағы нормативтік құқықтық база қан қызметінің барлық аспектілерін қамтымайды, қарама-қайшы, донорлық қан құрауыштарының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қазіргі заманғы технологияны ескермейді, оның дамуын тежейді және жетілдіруді қажет етеді. 2005 жылы 28 маусымдағы «Қан донорлығы мен оның құрауыштары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өтеусіз донорлықты дамытуға ықпал етеді және өткен жылда күтілетіндей нәтиже бермеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005 - 2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларға, қазіргі заманғы емдеу әдісі мен медициналық қызмет көрсетуге жүйелі көшу бірінші кезектегі міндеттер қатарына жатқызылған. Жаңа құжаттар, ең алдымен трансфузиялық көмекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы қағидаттарына сәйкес қан қызметі бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін нормативтік сипаттағы құжаттар әзірлеу қажет. Донор қаны, оның құрауыштары мен препараттары ұлттық байлық болып табылады. Донорлыққа қатысудың негізгі шарты - донордың денсаулық деңгейінің талап етілетін медициналық өлшемдерге сәйкес келуі. Донорлық адамды жоғары адамгершілік қағидаттарына - адамгершілікке, қайырымдылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Донорлыққа деген қоғамның оң көзқарасы мен халықтың белсенді араласуы мемлекеттің қауіпсіздік пен әлеуметтік саясат мақсаттарына - дені сау ұрпақты, дене және рухани жағынан мықты қоғамды қалыптастыруға сәйкес келеді. ДДҰ және басқа халықаралық ұйымдармен неғұрлым қауіпсіз деп танылған ерікті өтеусіз донорлық қан қызметінің базисі болып табылады. ДДҰ деректері бойынша (2005 жыл) кіріс деңгейі жоғары елдерде донор қанының 94% ерікті және өтеусіз негізде өткізіледі. Кіріс деңгейі төмен және орта табыс деңгейімен елдерде жаңа донорлармен тапсырылатын қанның 43 %-дан астамы әлі де ақылы донорлардың немесе туысқан-донорлардың (немесе туысқандарының алмастырушы адамдардың) үлесіне тиеді және тек 39 елде ғана донор қанын ерікті түрде тапсырудың 100 пайыздық көрсеткішіне қол жеткізілген. Барлық елдерде инфекциялық аурулармен ауыратын халықтың үлесі (АҚТҚ-инфекциясы мен гепатит) артып отыруына байланысты қан тапсыратын адамдардың үлесі азаяды. Сол себепті де инфекцияның төмен тәуекелі бар ерікті және өтеусіз донорларға деген сұраныс жоғары болып отыр. Қазақстан Республикасында өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап донорлық 2 есеге дерлік азайды. 2006 жылы 271 мың қан мен оның құрауыштарының донациясы тіркелді, бұл жылына 1000 адамға 18 донацияны құрайды және ДДСҰ ұсынылған ең төменгі деңгейге тек 45% ғана сәйкес келеді (салыстыру үшін АҚШ-та бұл көрсеткіш -109,9 құрайды; Данияда - 67,2; Германияда - 52,6; Ресейде - 25,3; Ұлыбританияда - 42,5; Францияда - 38,0). Барлық донацияның 75% астамы туысқан-донорлармен жүзеге асырылды - қан құрауыштарын құю арқылы инфекция жұқтыру мүмкіндігі жағдайында неғұрлым қауіпті донорлар санаты (2003 жылы Орталық-Азия өңірінде СБС зерттеулерімен расталған). Донорлықтың азаюы және оның құрылымының өзгеруі негізінен елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, донорлықты ұйымдастырудың бұрынғы жоспарлық жүйесін таратумен, бұқаралық ақпарат құралдарында донорлықты насихаттауды іс жүзінде толық тоқтатумен, қан қызметі мекемелерін аз қаржыландырумен, бұл мәселені шешуге билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан ірі - ҮЕҰ) жеткіліксіз дәрежеде қатысуымен байланысты. 2006 жылғы ОҚО оқиғаларымен байланысты БАҚ-тағы теріс ақпараттар ағынының нәтижесінде донорлықпен байланысты жағдай одан да шиеленісе түсті. РҚО деректері бойынша жылдың соңына қарай донорлық саны жылдың ортасымен салыстырғанда 2 есеге, ал 2005 жылмен салыстырғанда республикадағы донация саны 9% төмендеді. Бұрын қан дайындау мақсатында бар болатын мекемелер мен кәсіпорындардың әкімшілігі мұндай акцияларды жүргізуде белсенділік танытпайды, кейде тіпті еңбек ұжымының донорлыққа қатысуына қарсы да болады. Қазіргі заманғы мамандандырылған автокөліктің тапшылығы да едәуір дәрежеде көшпелі жағдайда қан алу мүмкіндігін шектейді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруімен және донорлықты ұйымдастыру бойынша ДДҰ қағидаттарына сәйкес ерікті өтеусіз донорлықты дамыту донорлыққа ынталандырудың жолдарын жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау қажет. Қоғамның әртүрлі әлеуметтік тобына және жас топтарына бағытталған донорлықты дамыту бойынша бағдарламалар әзірлеу, осы мақсат үшін бұқаралық ақпарат құралын кеңінен пайдалану керек. Донорға тарту жөніндегі жұмысқа белсенді түрде ҮЕҰ, қоғамдық және медициналық ұйымдар тартылуы тиіс. Халықаралық тәжірибені пайдалану қажет, өз кадрларын дайындау үшін донор кадрларымен жұмыста донорлықты ұйымдастыру бойынша және Қазақстан Республикасы үшін оңтайлы шешімдерді қабылдау мақсатында шетелдік маман - жаттықтырушыларды тарту. Донорлық қозғалыс барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары өкілдерінің, танымал саясаткерлердің, артистердің, кәсіпкерлердің тұрақты қолдауын қажет етеді. Республикадағы донорлықтың төмен деңгейі қан құрауыштарының барлық түрінің тапшылығына әкелді. ДДҰ ұсынымдарына сәйкес қанның негізгі құрауыштарына деген сұраныс 20% тен (тромбоциттер концентраты) 51% (қанның эритроцитқұрамды құрауыштары) дейін қанағаттандырылған. Өңірлік сияқты, республикалық деңгейде қан құрауыштарының сарқылмас қоры құрылмаған. Қан құрауыштары мен препараттарын өндірудің қазіргі заманғы технологиясын енгізу проблемасы қан қызметі ұйымдарын жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты. Республикада қанның донорлық құрауыштарының инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістемелері - карантинизация, вирусинактивация және лейкофильтрация енгізілмеген. Плазманы дайындаудың тиімді аппараттық әдістері жеткілікті мөлшерде пайдаланылмайды. Қанның клеткалы құрауыштарын аппараттық дайындау (тромбоциттер, гранулоциттер, перифериялық діңгекті клеткалар) мүлде жоқ деуге болады. Қан клеткаларын төмен температурада ұзақ уақыт сақтау технологиялары енгізілмеген, бұл өз қан құрауыштарының банкісін құру мүмкіндігін жоққа шығарады. Трансфузиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрауыштарының бірі - қан қызметі ұйымдарын компьютерленгізу мәселелері толық шешілмеген. Қан қызметінде бірыңғай ақпараттық кеңістіктің болмауы мекемелер арасында тәуекел тобының тұлғалары туралы деректермен алмасуға мүмкіндік бермейді. Ақпараттық донорлық орталық құрылған өңірлерде донордың эпидемиологиялық қоршаған ортасы туралы мәліметтерді алу жүргізілмейді. Осының салдарынан тәуекел тобының адамдарының донорлыққа өту ықтималдылығы өседі. Осы күнге дейін Республикада қан және оның құрауыштарын тапсырушылардың Ұлттық тіркелімі құрылмаған. Сонымен қатар, қан қызметінде жалпы ақпараттық кеңістіктің болмауы қан құрауыштарының қорларын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осының салдары, бір жағынан жарамдылық мерзімінің аяқталуы бойынша шамадан тыс есептен шығару болса, екінші жағынан, қан құрауыштарының тапшылығы мәселесі болмақ, әсіресе сирек кездесетін қан тобы бар немесе трансфузиялық анамнезбен ауыратын науқастар үшін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |