Өтініш-декларацияны тіркеу ережесін бекіту туралы (2013.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 498 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.19.07. № 170 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өтініш-декларациясы тіркеу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазанда № 429 бұйрығымен бекітілді
Өтініш-декларацияларды тіркеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, міндетті түрде сәйкестігін растауға жататын өнімге-өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді. 2. Өтініш-декларация егер аккредиттеу саласында нақты өнімнің түрі бар болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі органмен орналасқан жері бойынша және импорттаушымен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт жасағаннан кейін рәсімделеді және тіркеледі. 3. Белгіленген тәртіпте рәсімделген және тіркелген өтініш-декларациялар әкелінетін өнімнің кедендік рәсімделуі үшін ғана заңды күшке ие. 4. Өтініш-декларациялар бойынша кедендік тазартудан өткен өнім белгіленген тәртіпте одан әрі сәйкестігін растауға жатады.
2. Өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|