Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайы талаптарында: 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді.»; 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған, келушілер күтетін (холл), нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын кабинеттерден тұрады. Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке үй-жай болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі. Нотариустың үй-жайы орналасқан ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережесінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1431 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» ережесінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|