<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 Қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 315 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:

кiрiспеде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келісу және бекіту ережесiнде:

кіріспеде:

«Конституциялық заңына,»деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне,»деген сөздермен толықтырылсын;

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына» деген сөздер алынып тасталсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Кәсiпорындардың мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табысының бiр бөлiгiн есептеу меншiк капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе егер Кәсiпорын меншiк капиталының мөлшері мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табыстың бiр бөлiгiне жүргiзiлген есептеу нәтижесiнде терiс болса жүргiзiлмейдi.»;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-тармақтағы «қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептiң деректерi және бухгалтерлiк теңгерiм» деген сөздер «есептi кезең үшiн кiрiстер мен шығыстар туралы есеп деректерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі бекiтетiн» деген сөздер алынып тасталсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-тармақтағы «әкiмшiлiк» деген сөз алынып тасталсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-тармақтағы «Қаржылық бақылау» деген сөздерден кейiн «және мемлекеттік сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

реттiк нөмiрi 1-жолдың 2-бағаны «әлеуметтiк қорғау» деген сөздерден кейiн», қылмыстық-атқару жүйесi» деген сөздермен толықтырылсын;

реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағаны»; Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау» деген сөздермен толықтырылсын;

реттiк нөмiрi 8-жолдың 2-бағаны «кадастрды» деген сөз «және жер кадастрларын, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов