|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 164-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн: көрсетілген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 18-жолмен толықтырылсын:
"18. Объектілер мен кешендер Қазақстан Республикасы Индустрия құрылысының жобаларына және сауда министрлігі Құрылыс және мемлекеттік сараптама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүргiзу iстері комитетiнiң "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |