|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат): 343-бапта: тақырыбы "адамға," деген сөзден кейін "сарапшыға," деген сөзбен толықтырылсын; екінші бөліктің бірінші абзацы "жүргізілумен", "адамға," деген сөздерден кейін тиісінше ", сот сараптамасы жүргізілуімен", "сарапшыға," деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22; 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша «зерттеу үшін үлгілерді», «зерттеу үшін үлгілер», «зерттеу үшін алынған үлгілер», «Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер», «Сараптамалық зерттеу үшін үлгі», «сараптамалық зерттеу үшін үлгілер», «сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді», «Сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді», «сараптамалық зерттеудің үлгілері», «Сараптамалық зерттеу үшін дәрігердің немесе басқа маманның үлгілер алуы», «сараптамалық зерттеу үшін үлгі», «Сараптамалық зерттеу үшін алынған үлгілер», «сараптамалық зерттеуге үлгілер» деген сөздер тиісінше «үлгілерді», «үлгілер», «Yлгілер», «Үлгі», «Yлгілерді», «Дәрігердің немесе басқа маманның үлгілер алуы», «үлгі», «Алынған үлгілер» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «тергеу немесе сот әрекетіне қатысушылардың» деген сөздер «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын; «заттарды немесе құжаттарды табу, бекіту және алу кезінде,» деген сөздер «дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдемдесу және» деген сөздермен ауыстырылсын; «аударуға;» деген сөзден кейін «салыстырма зерттеулерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктегі «дәлелдерді табу, бекіту және алу үшін» деген сөздер «дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшін» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі "қылмыстық іске жатпайтын немесе сарапшының құзыретіне кірмейтін" деген сөздер "қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын" деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы бөліктегі "сарапшының құзыретіне" деген сөздер "сот сараптамасының нысанасына" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 244-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5) сараптама жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, тергеушінің рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшыға түсініктемелер беруге құқығы бар. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде қатысу туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда жәбірленуші, күдікті, айыпталушы сараптама жүргізілу орны мен уақыты туралы хабардар етіледі. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысуы міндетті. Хабарландырылған адамның келмей қалуы сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді;". 3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 41-бапта: үшінші бөлікте: "сарапшының," деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды."; 2) 42-баптың бірінші бөлігі "сарапшы," деген сөзден кейін "маман," деген сөзбен толықтырылсын; 3) 64-баптың екінші бөлігі "іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен" деген сөздерден кейін ", іс жүргізу әрекеттерінің барысын және нәтижелерін көрсететін сот отырыстары хаттамаларымен" деген сөздермен толықтырылсын; 4) мынадай мазмұндағы 91-1, 91-2, 91-3-баптармен толықтырылсын: "91-1-бап. Үлгілерді алу 1. Судья, егер үлгілерді зерттеудің іс үшін маңызы бар болса, оларды, оның ішінде тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы. 2. Үлгілерге материалдардың, заттардың, шикізаттардың, дайын өнімнің сынамалары да жатады. 3. Үлгілерді алу туралы дәлелді ұйғарым шығарылады, онда: үлгілерді алатын адам; үлгілер алынуы тиіс адам (ұйым); нақты қандай үлгілер және қандай санда алынуы тиіс екені; адам үлгілерді алу үшін қашан және кімге келуі тиіс екені; үлгілер алынғаннан кейін олардың қашан және кімге табыс етілуі тиіс екені көрсетілуі қажет. 4. Үлгілерді судьяның жеке өзі алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгілер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше кәсіби дағдыны талап етпесе, дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкін. Өзге жағдайларда үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алуы мүмкін. 5. Үлгілерді алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрігерде немесе басқа маманда болады. 6. Yлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін. 7. Yлгілер тараптардан, сондай-ақ үшінші тұлғалардан алынуы мүмкін. 8. Судья адамды өзіне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгілерді алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. 9. Судьяның жеке өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді жүргізеді, үлгілерді алады, оларды орайды және мөр басады. 10. Yлгілерді алу нәтижелері іс жүргізу әрекеттерінің (сот отырысының) хаттамасында тіркеледі, онда жүргізілу ретін сақтай отырып, үлгілерді алу үшін жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өздері жазылады. 91-2-бап. Дәрігердің немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгілерді алуы 1. Судья өзінен үлгілер алынуға тиіс адамды, сондай-ақ тиісті тапсырмасы бар ұйғарымды дәрігерге немесе басқа маманға жібереді. Ұйғарымда осы іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс. 2. Дәрігер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізеді және үлгілерді алады. Yлгілер оралады және мөр басылады, одан кейін дәрігер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі. 3. Сарапшы зерттеу процесінде сынақ үлгілер дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. 4. Судья мұндай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, оны өзі жасайтын хаттамада көрсетеді. 5. Сарапшы зерттеу жүргізгеннен кейін үлгілерді оралған және мөр басылған түрде өзінің қорытындысына қоса тіркейді. 6. Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылар қол қояды және іс материалдарына қоса тіркеу үшін судьяға беріледі. 7. Алынған үлгілер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тіркеледі. 91-3-бап. Үлгілерді алу кезінде тұлғаның құқықтарын қорғау Үлгілерді алу әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға үлгілер алынуға тиісті адам жазбаша келісім бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, бұған қоса оның заңды өкілдерінің де келісімімен жол беріледі."; 5) 92-баптың бірінші бөлігі "ескертулер жасауға;" деген сөздерден кейін "сараптаманы тағайындаған соттың келісімімен," деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "1. Сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсіндірмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін істің нәтижесіне мүдделі емес, арнаулы білімі бар кәмелетке толған адамды маман ретінде тартуы мүмкін. Сот тараптың өтінімі бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Іске қатысатын адамдар арнаулы білімі бар нақты адамды маман ретінде тарту туралы сотқа өтініш жасай алады."; үшінші бөліктегі "заттарды немесе құжаттарды табу, бекіту және алу" деген сөздер "дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 207-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "1. Арнайы зерттеулер жүргізу талап етілмейтін жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсіндірме) береді. Маманның жазбаша нысанда берілген консультациясы сот отырысының (тиісті іс жүргізу әрекетінің) хаттамасына қосымша түрінде тіркеледі және сот отырысында жария етіледі. Ауызша консультация тікелей сот отырысының (ic жүргізу әрекетінің) хаттамасына енгізіледі.". 4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 596-баптың екінші бөлігі "сұрақтар қоюға;" деген сөздерден кейін "салыстырма зерттеулерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 612-1, 612-2, 612-3-баптармен толықтырылсын: "612-1-бап. Yлгілерді алу 1. Судья, егер үлгілерді зерттеудің іс үшін маңызы бар болса, оларды, оның ішінде адамның, жануардың, заттың, нәрсенің қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы. 2. Үлгілерге материалдардың, заттардың, шикізаттардың, дайын өнімнің сынамалары да жатады. 3. Yлгілерді алу туралы дәлелді ұйғарым шығарылады, онда: үлгілерді алатын адам; үлгілер алынуы тиіс адам (ұйым); нақты қандай үлгілер және қандай санда алынуы тиіс екені; адам үлгілерді алу үшін қашан және кімге келуі тиіс екені; үлгілер алынғаннан кейін олардың қашан және кімге табыс етілуі тиіс екені көрсетілуі қажет. 4. Үлгілерді судьяның жеке өзі алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгілер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше кәсіби дағдыны талап етпесе, дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкін. Өзге жағдайларда үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алуы мүмкін. 5. Үлгілерді алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрігерде немесе басқа маманда болады. 6. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін. 7. Yлгілер тараптардан, сондай-ақ үшінші тұлғалардан алынуы мүмкін. 8. Судья адамды өзіне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгілерді алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. 9. Судьяның жеке өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді жүргізеді, үлгілерді алады, оларды орайды және мөр басады. 10. Үлгілерді алу нәтижелері іс жүргізу әрекеттерінің (сот отырысының) хаттамасында тіркеледі, онда жүргізілу ретінде сақтай отырып, үлгілерді алу үшін жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өздері жазылады. 612-2-бап. Дәрігердің немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгілерді алуы 1. Судья өзінен үлгілер алынуға тиіс адамды, сондай-ақ тиісті тапсырмасы бар ұйғарымды дәрігерге немесе басқа маманға жібереді. Ұйғарымда осы іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс. 2. Дәрігер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізеді және үлгілерді алады. Үлгілер оралады және мөр басылады, одан кейін дәрігер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі. 3. Сарапшы зерттеу процесінде сынақ үлгілер дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. 4. Судья мұндай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, оны өзі жасайтын хаттамада көрсетеді. 5. Сарапшы зерттеу жүргізгеннен кейін үлгілерді оралған және мөр басылған түрде өзінің қорытындысына қоса тіркейді. 6. Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылар қол қояды және іс материалдарына қоса тіркеу үшін судьяға беріледі. 7. Алынған үлгілер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тіркеледі. 612-3-бап. Үлгілерді алу кезінде тұлғаның құқықтарын қорғау Үлгілерді алу әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуға тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделі медициналық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға үлгілер алынуға тиісті адам жазбаша келісім бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, оның заңды өкілдерінің келісімімен ғана жол беріледі.".
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 4-і. № 151-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |