|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде: 3-тармақтың 8) тармақшасындағы «кредиттер мерзіміне, сондай-ақ,», «мен кредиттер», «актуарлық үлгі негізінде есептелген» деген сөздер алынып тасталсын; 16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі.»; мемлекеттік тілдегі мәтінде 17-тармақтың 3) тармақшасындағы «қолданылған» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын: «4) Бас келісіммен көзделген өзге де»; 23-тармақтағы «80» деген сандар «95» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |