|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; №14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14,58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6; 40-құжат; № 9; 67-құжат; № 10; 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 14-баптағы «әкімшілік жазаға тартуға» деген сөздер «әкімшілік жауапкершілікке тартуға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын: «3-2. Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырылатын қызмет түріне, қызметкерлердің санына және активтердің бір жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікте болады.»; 3) 45-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларындағы және 46-баптың үшінші бөлігіндегі «немесе оның тікелей объектісі» деген сөздер «не нысанасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «тиісінше орындалмаған сомасының,» деген сөздерден кейін «аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының,» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 49 және 50-баптардың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «немесе оның тікелей объектісі» деген сөздер «не нысанасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 71-1-баптың бірінші бөлігі «158-1,» деген цифрлардан кейін «158-2,» деген цифрлармен толықтырылсын; 7) 75-бап «кәмелетке толмаған адамды» деген сөздерден кейін «сот,» деген сөзбен толықтырылсын; 8) 9-1 тараудың тақырыбы «қол сұғатын» деген сөздерден кейін «және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын; 9) мынадай мазмұндағы 79-5-баппен толықтырылсын: 79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер 1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, — айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, — айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп: бірге тұратын немесе тұрған; некеде тұрған; бұрынғы ерлі-зайыптылар; жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар түсініледі.»; 10) 87-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, — лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), — лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 11) 94-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), — »; 12) 109-баптың бірінші абзацындағы «шетелдік заңды тұлғалардан және азаматтардан» деген сөздер «шетелдіктерден және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 111-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы «айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздерден кейін «алтыдан» деген сөзбен толықтырылсын; 14) 113-баптың екінші абзацында «онға» деген сөз «отызға» деген сөзбен ауыстырылсын; 15) 114-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 118-баптың екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; тақырыптағы «, газды» деген сөз алып тасталсын; бірінші абзацтағы «газ не су құбырлары желілерінен газды немесе» деген сөздер «су құбырлары желілерінен» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацы «заңды тұлғаларға» деген сөздердің алдынан «шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, — жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 19) 129-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —»; 20) 134-1-баптың екінші абзацындағы «бес жүзден мыңға дейінгі» деген сөздер «үш жүзден төрт жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 135-1-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «іс-әрекеттер» деген сөзден кейін «(әрекетсіздік)» деген сөзбен толықтырылсын; 22) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын: «145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану 1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, — тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер,— тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердің атауының немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілердің заңсыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертулер: 1. Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәркілеу тауардан, оның орамасынан, бланкілерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауының дайындалған бейнесін, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгіні жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. 2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес тәркіленген тауарлар құқық иеленушінің өтініші бойынша оған берілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 628-бабында көзделген тәртіппен жойылуға тиіс.»; 23) 155-баптың екінші бөлігінде: бірінші абзацтағы «жеке кәсіпкердің» деген сөздер «дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта: «дара кәсіпкерлерге» деген сөздерден кейін «не конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын; «бес жүзге дейінгі» деген сөздер «төрт жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) мынадай мазмұндағы 158-2-баппен толықтырылсын: «158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік міндетіне байланысты өзіне мәлім болған адамның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, — айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; бірінші бөліктің екінші абзацында: «екіден беске» деген сөздер «бестен жетіге» деген сөздермен ауыстырылсын; «оннан жиырмаға» деген сөздер «жиырмадан отызға» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «екіден үшке» деген сөздер «бестен жетіге» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану,-»; бесінші бөліктің екінші абзацы «жеке тұлғаларға» деген сөздердің алдынан «тауарлары тәркілене отырып не онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөліктің екінші абзацындағы «құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған тауарлар» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацындағы «құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған тауарлар және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айырып не онсыз,» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) 164-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Дара кәсіпкерлердің» деген сөздер «Осы Кодекстің 317, 317-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 28) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын: «168-бап. Валюталық бақылау агентінің функцияларын тиісінше орындамау 1. Валюталық бақылау агенттерінің операцияларын жүргізу кезінде, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарын сақтауын тиісінше бақыламауы, — заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етілетін клиенттердің валюта операциялары бойынша есептілікті табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты дұрыс емес есептілікті табыс етуі, — заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), — орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес табыс етілуі талап етілетін мәліметтерді және (немесе) есептілікті табыс етпеуі, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуі не дұрыс емес мәліметтерді және (немесе) есептілікті табыс етуі, — лауазымды адамға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; екінші бөліктің бірінші абзацы «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктің бірінші абзацы «бірінші» деген сөзден кейін «, 1-1» деген цифрлармен толықтырылсын; 4-1-бөліктің бірінші абзацы «әлденеше рет» деген сөздерден кейін «(қатарынан күнтізбелік үш айдың ішінде екі және одан да көп рет)» деген сөздермен толықтырылсын; 30) 169-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын: «4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы, — заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды орындамауы, сондай-ақ шот иесінің банк шотына ақшаны есептемеуі, — заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаулар, ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптар не ақшаны есептеу жөніндегі нұсқаулар сомасының он процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 31) 173-баптың он бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «бес жүз» деген сөздер «төрт жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; 32) 177-1-баптың тақырыбындағы «177-1-бап. Шығындарды» деген сөздер «177-5-бап. Шығындарды» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «180-бап. Валюталық заңнамаға сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептілікті, ақпарат пен құжаттарды табыс ету тәртібін бұзу; бірінші бөліктің бірінші абзацында: «(заңнамада белгіленген мерзім күнінен асып кеткен мерзімде)» деген сөздер алып тасталсын; «есептілікті» деген сөзден кейін «, ақпарат пен құжаттарды» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Табыс етпеу» деген сөздер «Валюта операциялары бойынша есептілікті, ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 35) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын: «182-бап. Валюта операциялары туралы хабарлама куәлікті немесе валюта операцияларын жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу 1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар туралы хабарлама куәлікті немесе валюталық операциялар жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы, — жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), — жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге — сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 36) 188-бап мынадай редакцияда жазылсын: «188-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық операцияларды жүргізу 1. Шетел валютасын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы емес айырбас операцияларын жүргізу, резиденттер арасында тыйым салынған валюта операцияларын жүргізу, төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктердегі шоттар арқылы емес жүргізу, егер мұндай талап валюта заңнамасында белгіленсе, — жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, — шағын немесе орта кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға — белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жетпіс процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 37) тармақша 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді бірінші бөліктің екінші абзацында: «лауазымды адамдарға» деген сөздерден кейін «және дара кәсіпкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын; «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «лауазымды адамдарға» деген сөздерден кейін «және дара кәсіпкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын; «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 39) 206-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы «іс-әрекеттер» деген сөзден кейін «(әрекетсіздік)» деген сөзбен толықтырылсын; 40) 207-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —»; 41) 215-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы, 216-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы, 219-баптың екінші және төртінші бөліктерінің бірінші абзацы «іс-әрекеттер» деген сөзден кейін «(әрекетсіздік)» деген сөзбен толықтырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «Жарылғыш материалдарды», «егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса» деген сөздер тиісінше «Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материалдарды», «қылмыс белгілері болмаған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлікте: бірінші абзацтағы «Ядролық материалдарды» деген сөздер «Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 43) 221-баптың екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 44) 232-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «бес жүзге дейінгі» деген сөздер «төрт жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 45) 233-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында: «дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздер «дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға —» деген сөздермен ауыстырылсын; «елуден жүзге дейінгі» деген сөздер «үш жүзден төрт жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «екі жүзден үш жүзге дейінгі» деген сөздер «бес жүзден алты жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 46) 235-баптың бірінші және екінші бөліктерінің екінші абзацы, 236-баптың екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 47) 238-бапқа ескертулердің 1-тармағындағы «мемлекеттік стандарттардың, техникалық шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің» деген сөздер «техникалық регламенттерді қоспағанда, құрылыс нормалары мен ережелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің бірінші абзацында: «белгіленген стандарттарды,» деген сөздер алып тасталсын; «Қоршаған ортаны» деген сөздер «Осы баптың 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің бірінші абзацындағы «стандарттарды,» деген сөз алып тасталсын; 49) 244-баптың екінші абзацы, 248-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы және 249-баптың екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзацтағы «топырақ құнарлылығының төмендеуіне әкеп соқтырған болса» деген сөздер алып тасталсын; екінші абзац «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 51) 252-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «іс-әрекет» деген сөзден кейін «(әрекетсіздік)» деген сөзбен толықтырылсын; 52) 253-баптың екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 53) 254-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «254-бап. Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау,-»; 54) 272-баптың екінші абзацы және 275-баптың бірінші және екінші бөліктерінің екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 55) 284-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «тұлғаларға — бес жүз» деген сөздер «тұлғаларға — төрт жүз» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «Өсімдік қорғау» деген сөздер «Осы Заңның 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсімдік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; 57) 296-баптың бірінші абзацындағы «Елді мекендерді,» деген сөздер «Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді,» деген сөздермен ауыстырылсын; 58) 298-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы және 298-1-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «құқық бұзушылық жасау құралдары немесе тікелей құқық бұзушылық объектілері болған заттары» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыптағы «қолданыстағы стандарттарды (нормаларды, ережелерді) немесе» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «қолданыстағы стандарттарды (нормаларды, ережелерді) не» деген сөздер алып тасталсын; 60) 306-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «шет мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларына» деген сөздер «шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацы «экологиялық аудиторлық ұйымдарға» деген сөздердің алдынан «орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |