|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 257 Бұйрығымен күші жойылды
Білім беру ұйымдарында аккредиттеуді
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережелеріне сәйкес дайындалды. 2. Нұсқаулық кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін (бұдан әрі - аккредиттеу) белгілейді. 3. Аккредиттеу білім беру ұйымдарының қызметін аккредиттеу органы жасаған стандарттар мен өлшемдердің сәйкестігіне бағалау негізінде жүзеге асырылады. 4. Аккредиттеуді өткізуді ұйымдастыру аккредиттеу органдарын сертификаттауды жүзеге асыру және аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарының Тізімін жүргізу болып табылады.
2. Білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырудың және өткізудің тәртібі
5. Білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізуді аккредиттеу органы осы аккредиттеу органы белгілеген стандарттар мен өлшемдерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін бағалау негізінде жүргізеді. 6. Аккредиттеу мәселелерін алқалы және ашық қарау үшін аккредиттеу органының жанынан Аккредиттеу кеңесі құрылады. Аккредиттеу кеңесінің құрамын және ол туралы ережені аккредиттеу органы бекітеді. 7. Аккредиттеу кеңесінің құрамына білім беру саласындағы уәкілетті органның, аккредиттеу органының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік емес және студенттік ұйымдардың өкілдері кіреді. 8. Институционалдық аккредиттеуден өту үшін білім беру ұйымдары аккредиттеу органына мынадай құжаттарды тапсырады: 1) аккредиттеу органы бекіткен нысандағы өтініш; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |