<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 461 Қаулысы (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 461 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарында:

1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары және 2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

1-тармақтың 3) тармақшасындағы «және осы мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің» деген сөздер алынып тасталсын;

2-тармақтың 2) тармақшасындағы «және осы мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің» деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов