|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда: «Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын: «3-4. Жануарлар дүниесі объектілері, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер
Ескертпе. Осы тармақта көрсетілген тауарлар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаттарымен әкелінеді. Тыйым салулар осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу кезінде жеңілдік тәртібі көзделген жеке тұлғаларға қатысты «Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысында көзделген нормалардың шегінде қолданылмайды.»; «Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Жануарлар дүниесі объектілері, олардың бөліктері мен олардан жасалған өнімдер
Ескертпе. Осы тармақта көрсетілген тауарлар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаттары бойынша әкетіледі. Тыйым салулар осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу кезінде жеңілдік тәртібі көзделген жеке тұлғаларға «Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысында көзделген нормалардың шегінде қолданылмайды.». 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде сыртқы сауда қызметін реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын шаралар туралы Евразиялық экономикалық қауымдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын хабардар етсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |