Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы
2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 322-ІV Заңымен ратификацияланды 2011 жылғы 3 маусымда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты іске асыру мақсатында, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында, мыналар туралы келісті:
Осы Келісім: кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін (бұдан әрі - Бірыңғай тізілім) жүргізу, авторлық және сабақтас құқық объектілерін, тауар белгілерін және қызмет көрсету белгілерін (бұдан әрі — зияткерлік меншік объектілері) Бірыңғай тізілімге енгізу, кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының, сондай-ақ құқық иелерімен немесе олардың мүдделерін білдіретін тұлғалармен (бұдан әрі - құқық иесі), мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен, мекемелермен және азаматтармен Бірыңғай тізілімді жүргізуге байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл тәртібін реттейді.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналар орталық кеден органдары болып табылады: Беларусь Республикасынан - Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасынан - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Ресей Федерациясынан - Федералдық кеден қызметі не олардың құқық иеленушілері.
1. Бірыңғай тізілімге құқық иесінің өтінішінің негізінде кеден одағына мүше мемлекеттердің әрқайсысында құқықтық қорғауға жататын зияткерлік меншік объектілері енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|