Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасындағы кеден органдарының
ҚР 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 511-IV Заңымен ратификацияланды 2011 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттер, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарт, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын кұру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарт ережелерін негізге ала отырып, кеден одағының кеден заңнамасын және Тараптардың сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген, жасалғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген заңнамасын бұзуға қарсы күреске маңызды мән бере отырып, осы мақсатта көрсетілген бұзушылықтарды тергеуде бір біріне барынша кең көлемде көмек көрсету және осы салада қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді тергеу кезінде өзара іс-қимылды және оларды әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы салада ақпарат алмасуды ұйымдастыру жолымен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға тілек білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап Қолданылу саласы
1. Қылмыстарды ашу, кеден одағының кеден заңнамасын Тараптардың сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Тараптардың кеден органдарының құқықтық көмегі мен өзара іс-қимылы осы Келісімнің қолданылу саласы болып табылады. 2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін: Беларусь Республикасынан Мемлекеттік кеден комитеті; Қазақстан Республикасынан - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті; Ресей Федерациясынан - Федералдық кеден қызметі Орталық кеден органдары болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|