Жеке тұлғаларлын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша
2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 389-IV Заңымен ратификацияланды 2011 жылғы 3 маусымда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына мүше мемлекеттер, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Осы Шарт жеке тулғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізу тәртібін айқындайды. 2. Жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және ақша құралдарын өткізуіне байланысты туындаған, осы Шартпен реттелмеген қатынастар кеден одағының өзге халықаралық шарттарымен, ал олар болмаған жағдайда - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен реттеледі. 3. Осы Шарттың ережелері жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңды төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды өткізуіне байланысты туындайтын қатынастарды реттемейді.
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады: «қолма-қол ақша қаражаты» - айналыстағы және айналыстан алынғандарын не алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда, кеден одағына мүше мемлекеттерде немесе шет мемлекеттерде (шет мемлекеттер тобында) заңды төлем құралы болып табылатын банкноталар және қазынашылық билеттері, бағалы металдардан жасалған манеталарды қоспағанда, монеталар түріндегі ақша белгілері; «ақша құралдары»: жол чектері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|