Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 120-НҚ бұйрығымен бекітілген
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің регламенті (бұдан әрі - Регламент) - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) қызметінің мәселелерін, Есеп комитетінің мүшелері арасында бақылау жұмысының бағыттарын бөлу, Есеп комитетінің есептерін қалыптастыру, құрылымдық бөлімшелердің міндеттерін, жұмыстарды жоспарлау мен іс жүргізуді ұйымдастыру, Есеп комитетінің бақылау іс-шараларын, отырыстарын, кеңестерін және өзге де қызметін дайындау мен жүргізу рәсімін реттейтін құқықтық акт. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Есеп комитеті туралы ережеге сәйкес, Регламентте реттелмеген мәселелер бойынша шешімді Есеп комитетінің Төрағасы қабылдайды. Мұндай мәселелерді шешудің тәртібін Есеп комитетінің Төрағасы белгілейді және ол тиісті бұйрықпен қолданысқа енгізіледі және оны Есеп комитетінің барлық лауазымды адамдары орындауға міндетті. 3. Есеп комитетінің құрылымы мен штат кестесі Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Есеп комитетінің жалпы штат саны мен республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде айқындалады. 4. Есеп комитетінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер, Есеп комитетінің қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары Есеп комитеті аппарат басшысының (бұдан әрі - Аппарат басшысы) ұсынысы бойынша Есеп комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 5. Есеп комитеті қызметкерлерінің міндеттері біліктілік талаптарымен айқындалып, аппарат басшысы мақұлдаған бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|