Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы
ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысымен күшi жойылды
Салық заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 2-бабы 1-тармағына сәйкес салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, сондай-ақ осы Салық кодексінен және қабылдануы осы кодексте көзделінген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Осындай нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары, салық қызметі органдары жүйесіндегі уәкілетті орган басшысының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің консулдық алымдардың нақты ставкалар мөлшерін белгілеу туралы нормативтік құқықтық бұйрықтары (Салық кодексінің 552-бабының 2-тармағы) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілетті органдарының жекелеген салық ставкаларын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу туралы нормативтік құқықтық шешімдері жатады. Салық кодексінің 9-бабына сәйкес салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|