|
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) жедел ақпаратты үздіксіз жинауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасында криминогендік ахуалдың жай-күйі мен даму үрдістерін талдайды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және қабылдайды;»; 60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «60) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;»; 70-1) тармақша алып тасталсын; 98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «98) ішкі істер органдарының жүйесі үшін, оның ішінде халықаралық шарттар негізінде шет елдерде кадрлар даярлауды, оқытуды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады, кадрларға қажеттілікті және Министрліктің білім беру ұйымдарының түлектерін ішкі істер органдарының бөлімшелеріне бөлу тәртібін айқындайды;»; 176) және 177) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «176) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және бекітеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|