«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: «11. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 744 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 2. Кеңестер ғылым бағыттары бойынша құрылған алқалы органдар болып табылады. 3. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын және кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыратын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі - сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2-тарау. Кеңестердің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|