Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгі ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығының күші жойылды деп танылсын тіркелген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11170 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды). 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бекітемін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444бұйрығы
Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жастар ресурстық орталықтары туралы осы үлгі ереже (бұдан әрі - үлгі ереже) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі-Ресурстық орталықтар) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|