Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-1 «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік құпиялар туралы Заң) 1-бабына сәйкес, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қабылданған нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен мемлекет олардың таратылуын шектейтін, мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын, мемлекет қорғайтын мәліметтер - мемлекеттік құпиялар деп танылатыны түсіндірілсін. 2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 172, 173 және 386-баптарында көзделген қылмыстармен келтірілген нұқсанның мөлшері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысымен бекітілген, «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн нұқсан мөлшерiн анықтау ережесiне» (бұдан әрі - Ереже) сәйкес белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|