«Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 180-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларында: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - қаржы-есеп айырысу орталығы) - жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) биогаз - ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі;»; 11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «11. Тіркелген тарифтер, күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, жиынтық қуаты 37 МВт күн электр станцияларының жобасы үшін тіркелген тарифтерді қоспағанда, инфляцияны ескере отырып, жылына бір рет 1 қазанға мынадай формула бойынша индекстеледі:»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|