|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бизнестің жол қартасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (2021.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2021.13.10. № 736 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 979 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2021.13.10. № 736 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/тікелей инвестициялар қорлары берген кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша; Бағдарлама шеңберінде «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер/даму банкі берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша; «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі - Тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |