Осы редакция 2018 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 2-қосымша
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (2017.26.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі — оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі — жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2017.26.09. № 646 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) алғашқы көмек - зардап шегушілер білікті медициналық көмек алу мүмкіндігіне дейін адамдардың орындауы үшін қолжетімді көмектің іс-шаралар кешені; 2) контент - оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар мультимедиалар және өзге де маңызды толықтыру) толықтыру; 3) тестілеу кешені - интернет-ресурс арқылы қолжетімділігі бар білім беру процесінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтауға арналған технология; 4) аралас оқыту - дәстүрлі күндізгі оқыту нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы; 5) тьютор ‒ білім алушыларға зерделенетін пәнді меңгеруге көмектесетін тұлға; 6) қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыратын оқу ұйымдарының интернет-ресурсы - білім беру процесінің қатысушылары үшін әкімшілік-академиялық ақпаратты қамтитын интернет-ресурс; 7) «on-line» - нақты уақытта ақпаратпен алмасу; 8) «off-line» - еркін уақыт кеңістігінде ақпаратпен алмасу; 9) силлабус - оқу пәнінің қысқаша сипаттамасын, зерделенетін пәннің негізгі сипаттамасын қамтитын, пән бойынша білім алушыға арналған оқыту бағдарламасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|