«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (2023.17.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 11-1) тармақшасына және және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|