Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 1-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 2-қосымша
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00 нысан) (2022.18.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленді және корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) есептеуге арналған «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: мемлекеттік мекемелерді; орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары; 110.00 немесе 150.00-нысандары бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент-заңды тұлғалар жасайды. 2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.11-ге дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды. 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|