|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау (2021.13.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |