«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 910 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды.»;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – зерттеу):