Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы (2023.19.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 18-бабының 7-тармағына және 38-2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) құрылсын. 2. Академияға жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі берілсін. 3. Академия қызметінің негізгі бағыттары: 1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру; 2) судьяларды және сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру; 3) ғылыми қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының мүлкін Академияға беруді қамтамасыз етсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы ақпанның 18-і.
№ 198
Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 1, 1-құжат): мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|