Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті «Кентаукеніштарату» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы (2014.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті «Кентаукеніштарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің «Кентау СуШар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2008.07.05 № 429 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын; 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын: «47-1. «Кентау СуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны»; көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|