Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 10-қосымша
Осы редакция 2015 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Ішкі істер департаменті туралы
1. Атырау облысының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы ішкі істер органдары мен бөлімшелеріне басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департамент егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Департаменттің заңды мекенжайы: 060005, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85-үй. 9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|