Қазақстан Республикасы Президентінің
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 Ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. АЭА: 1) инвестициялар тарту және құрылыстағы озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым құру арқылы Астана қаласын жеделдете дамыту; 2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2.1. АЭА аумағындағы негізгі өндірістік қызмет түрлері: 1) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру; 2) машиналар мен жабдықтар жасау; 3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару; 4) резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару; 5) химия өнеркәсібі болып табылады.»; 3-тармақтағы «1996 жылғы 26 қаңтардағы» деген сөздер «2007 жылғы 6 шілдедегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын: «3) тауарларды жеткілікті түрде өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге, өңдеуге және пайдалануға арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды, қоспағанда) мен материалдар; 4) осы Ереженің 2-1-тармағында көрсетілген негізгі өндірістік қызмет түрлеріне сәйкес өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар мен тетіктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар мен жартылай өнімдер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|