|
|
|
Темiржол тарифтерiн ұлттық валютаға қайта есептеудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігінiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Экономика министрлігінiң жанындағы Баға комитетiмен келісілген, 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынаста жүк тасымалдауға арналып қолданылып жүрген темiржол тарифтерiн жүк тасымалдауға арналған тасымалдау құжаттарын ресiмдеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiленген ресей сомының теңгеге қатынасы жөніндегі бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеу туралы ұсынысы қабылдансын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |