Шағын кәсiпкерлiк дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны
ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, Қазақстан азаматтарының кәсiпкерлiк бастамаларын жүзеге асыру үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемiн: 1. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласы болып саналсын. Жүзеге асырылатын шаралар, бiрiншi кезекте, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, оның әлеуметтiк проблемаларын шешу мен еңбек белсендiлiгiн дамытуға, тұтыну рыногын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң алуан түрлерiмен толықтыруға бағытталсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстармен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан экономикасының осынау маңызды секторын нығайту мен дамытуға iс жүзiнде жан-жақты практикалық көмек пен қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын. ҚР Президентінің 29.08.02 ж. № 936 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жанынан Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі агенттiк құрып, оның жұмысын ұйымдастырсын. Оның басты мiндеттерi шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестiру, оны ең алдымен материалдық өндiрiс саласында дамыту бағдарламасын талдап жасау мен жүзеге асыруға қатысу, шағын кәсiпкерлiкке қаржылық және техникалық көмек көрсету мәселелерiнде халықаралық қаржы институттарымен өзара iс-қимыл жасау, экономиканың осы секторына шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға жәрдем жасау болып табылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|