|
|
|
Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы
ҚР 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексімен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ III ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ iс жүргiзу кодексiн күшiне енгізу туралы ЗАҢНЫҢ МӘТІНІН ҚАРА
1-бап. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi, осы Заңмен күшiне енгізудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2-бап. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап "Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн бекіту туралы" 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң, сондай-ақ 1959 жылғы 22 шiлдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзген барлық заңдардың күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс. Бұдан былай Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн аталған заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.
3-бап. "Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық және Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1959 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi мен Үкіметінiң Ведомостары, 1960 ж., № 4) күшi жойылды деп танылсын. ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 4-5-5-1 баптар алып тасталды ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 6 баппен толықтырылды 6-бап. Тиiстi органдар Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңдарына сәйкес қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен iс жүргiзу шешiмдерi, осы Заңмен олардың атын өзгертуге байланысты, заңды күшiн жоймайды.". Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |