|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын 1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "мемлекеттің" деген сөздің алдынан "бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 2) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мемлекеттік кәсіпорынға өз Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады."; 3) 18-бапта: 4) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: "12) мемлекеттік құқық кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін қызметті жүзеге асыру."; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Мемлекеттік органдардың қызметтік ғимаратын пайдалану және жабдықтау функцияларын орындау мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар құруға тыйым салынады."; 4) 32-баптың 5) тармақшасындағы "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін нүктелі үтір қойылып, "үшін құрыла алады." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын: "6) мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды және жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру; 7) кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп-ұстау мен дамыту; 8) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін."; 5) 39-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.". 2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы Заңға сәйкес келтірілуге тиіс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |