|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және (2007.28.06. берілген өзгерістерiмен)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 маусымдағы № 545 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) 2) "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 11, 105-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген нарықтық қатынастар субъектiлерi заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған функциялардан басқа, ветеринария саласындағы жұмыстар және қызмет көрсетулер."; 6, 7, 8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |