|
|
|
«Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң (2005.30.06. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 Қаулысымен күші жойылды
"Өрт қауiпсiздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердiң тiзбесi бекiтілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызметiн ұйымдастырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуiрдегі № 430 қаулысының 4-қосымшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 616 қаулысы 1-тармағының 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 20-21, 213-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 ақпандағы № 239 қаулысымен бекітілген Мiндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесi 1. Мұнай-газ өндiру және мұнай-газды қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң ұйымдары мен объектiлерi: 1) сыйымдылығы екi жүз текше метр және одан көп резервуар парктерiнiң мұнай айдау станциялары; 2) газды қайта өңдеу агрегаттарының қуаты жүз мың киловатт және одан көп газкомпрессорлық станциялар; 3) жылына қуаты бiр миллиард текше метр газ және одан көп газды қайта өңдеу зауыттары; 4) жылына қуаты бiр миллион тонна және одан көп мұнайды қайта өңдеу зауыттары; 5) резервуарларының жалпы сыйымдылығы екi мыңнан көп сегiз мың текше метрге дейін газ жинақтау станциялары; 6) төгу-құю операцияларының көлемi кезінде екi мың текше метрден көп мұнай құю эстакадалары; 7) өнiмдiлiгiне қарамастан, қайраңда мұнай мен газды өндiру мен дайындауға арналған құрылыстар; 8) елдi мекендерде орналасқан резервуар парктерiнiң жалпы сыйымдылығы жүз мың текше метр және одан көп мұнай базалары; 9) елдi мекендерден тыс орналасқан резервуар парктерінің жалпы сыйымдылығы екi жүз мың текше метр және одан көп мұнай базалары; 10) сыйымдылығы тоғыз миллиард текше метр және одан көп жерасты газ сақтау станциялары. 2. Химия және мұнай-химия өнеркәсiбi ұйымдары: 1) жылына қуаты алпыс мың тонна және одан көп синтетикалық каучук шығару жөніндегі кәсiпорындар; 2) жылына қуаты алты жүз тонна және одан көп жарылғыш-өрт қаупi бар заттарды қолдана отырып, химия өнiмiн (спирттердi, эфирлердi, шайырларды, винилхлоридтi, талшықтарды, бояуларды және басқаларды) шығару жөніндегі кәсiпорындар; 3) жылына қуаты бес миллион бiрлiк және одан жоғары шиналар мен резеңке-техникалық бұйымдарды шығару жөніндегі кәсiпорындар; 4) жылына қуаты бiр миллион бес жүз мың тонна және одан жоғары сұйытылған көмiрсутектi газдарды қайта өңдеу және алу жөніндегі кәсіпорындар; 5) жылына қуаты алты жүз тонна және одан жоғары минералды тыңайтқыштар өндiру жөніндегі кәсiпорындар; 6) әртүрлi маркадағы полистирол шығару бойынша қуаты жылына бiр жүз мың тонна және одан жоғары полистиролды пластиктер өндiру жөніндегі кәсiпорындар; 7) қуаты жылына бiр жүз мың тонна және одан жоғары полипропилендi өнiм өндiру жөніндегi кәсiпорындар. 3. Электр энергетикалық өнеркәсiп ұйымдары: 1) қуаты бес жүз мегаватт және одан жоғары мемлекеттік аудандық электр станциялары; 2) қуаты үш жүз мегаватт және одан жоғары су электр станциялары; 3) қуаты екi жүз мегаватт және одан жоғары жылу электр станциялары; 4) қуатына қарамастан, атом электр станциялары; 5) кернеуi бес жүз киловольт және одан жоғары кiшi станциялар. 4. Өнеркәсiптiк ұйымдар: 1) жиырма бес пайыз және одан жоғары, кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмдiлiк құны (айлық есептiк көрсеткiштердiң саны) алпыс мың және одан жоғары жарылғыш-өрт қаупi бар және өрт қаупi бар санаттарға жатқызылған ғимараттар, құрылыстар, сыртқы технологиялық қондырғылар, сондай-ақ өрт қаупi бар өнiмдер мен материалдардың ашық қоймалары орын алатын кәсiпорындардың жалпы өндірiстік алаңының үлесi бар өнеркәсiптiк кәсiпорындар; 2) жылына қуаты жиырма бес мың трактор ауыл шаруашылығы машиналарын шығару жөніндегі кәсіпорындар; 3) жылына жиырма мың жеңiл автомобиль және одан көп; жылына бес мың және одан көп жүк және арнайы автомобиль шығаратын автомобиль өнеркәсiбi кәсiпорындары; 4) егер бұл алаңның жиырма бес пайызын және одан астамын жарылғыш-өрт қаупi бар, өрт қаупi бар ғимараттар мен үй-жайлар алса, жалпы өндiрiстiк алаңы екi жүз мың шаршы метр және одан астам металл өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары; 5) қуаты: жылына бес жүз мың тонна және одан жоғары шойын; жылына жиырма бес мың тонна және одан жоғары болат металлургия өнеркәсiбi кәсiпорындары; 6) cүpeктi сақтау және қайта өңдеу және целлюлозаның өндiру жөніндегі кәсiпорындар, қуаты: сүректi сүрлеу бойынша - жылына екi жүз мың текше метр және одан жоғары; целлюлоза, қағаз өндіру бойынша - жылына үш жүз мың тонна және одан жоғары; жалпы алаңы екi жүз мың шаршы метрден кем емес жиhаз, фанер, ДCП, ДВП, ұста бұйымдарын, aғаш құрастырмаларын өндiру жөніндегі цехтар; 7) жылына екi миллион тонна және одан көп көмiрдi ашық өндiретiн көмiр кен орындарының объектiлерi; 8) жалпы өндiрiстiк алаңы бiр жүз мың шаршы метр және егер осы алаңның он және одан көп пайызын кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) он мың және одан астам жарылғыш-өрт қаупi бар ғимараттар мен үй-жайлар алып тұрса, көлiк кәсiпорындары; 9) халыққа ғимараттармен тiкелей қызмет көрсетуге арналған көлiк ұйымдары, жолаушыларының есептiк сыйымдылығы: бiр мың және одан көп адам аэровокзалдарда, әуежайларда; жетi жүз және одан көп адам темір жол, өзен, теңiз және автобус вокзалдарында. 5. Жалпы өндiрiстiк алаңы бiр жүз мың шаршы метр және егер осы алаңның он және одан көп пайызын кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) бес мың және одан астам жарылғыш-өрт қаупi және өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар алып тұрса, байланыс кәсiпорындары. 6. Жалпы алаңы бiр жүз мың шаршы метр және егер осы алаңның он бес және одан көп пайызын кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) бес мың және одан астам жарылғыш-өрт қаупi және өрт қаупi бар ғимараттар мен үй-жайлар алып тұрса, ғылыми мекемелер. 7. Жұмыс iстейтiндердiң саны жетпiс және одан көп адам, кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділiк құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) бес мың және одан астам ауыл шаруашылығы кәсiпорындары, оның iшiнде тағамдық қайта өңдеу өнеркәсiбi және балық шаруашылығы кәсiпорындары. 8. Сауда кәсiпорындары: жалпы сауда алаңы үш мың бес жүз шаршы метр және одан көп, бiр мың және одан көп адамға арналған орындарды орналастырған кезде кәсiпорынның ғимаратында, құрылысында бiр мезгiлде болатын адамдардың есептiк санымен екi және одан жоғары қабатты ғимараттардағы дүкендер, универмагтар, әмбебап дүкендер, гастрономдар, жабық базарлар, базарлар, жәрмеңкелер, супермаркеттер мен басқа да сауда кәсiпорындары. 9. Базалар мен қоймалар: 1) алаңы екi мың шаршы метр және одан көп, кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділік құны (айлық есептiк көрсеткiштердiң саны) алпыс мың және одан көп жанатын ораудағы жанғыш және жанбайтын жүктердi сақтауға арналған полимерлi жанатын жылытпасы бар (отқа төзiмділігі IVа дәрежелi) жеңіл металл құрастырмалардан; 2) алаңы бiр мың шаршы метр және одан көп жанғыш жүктердi немесе алаңы екi жүз мың шаршы метр және одан көп биiктiгi бес жарым және одан көп метр стеллажы бар жанатын ораудағы жанбайтын жүктердi сақтауға арналған биiктiгi он сегiз және одан көп метр әмбебап мақсаттағы биiк механикаландырылған; 3) алаңы бiр жүз шаршы метр және одан көп жанғыш жүктердi сақтауға арналған, алаңы бiр мың бес жүз шаршы метр және одан көп жанғыш ораудағы жанбайтын жүктердi, алаңы үш жүз шаршы метр және одан көп астыңғы қабаттарда орналасқан жанғыш ораудағы жанғыш және жанбайтын жүктердi сақтауға арналған бiр қабатты, сондай-ақ алаңы: бiр мың екi жүз шаршы метр отқа төзiмділігi V дәрежелi ғимараттардағы, бiр мың алты жүз шаршы метр және одан көп отқа төзiмдiлiгi IV дәрежелi ғимараттардағы, екi мың шаршы метр және одан көп отқа төзімділігi III дәрежелi ғимараттардағы, үш мың шаршы метр және одан көп отқа төзiмділігі І және ІI дәрежелi ғимараттардағы қоймалар; 4) жалпы алаңы бiр мың шаршы метр және одан көп кәсiпорын мүлкiнiң теңгерiмділік құны (айлық есептiк көрсеткiштерiнiң саны) он мың және одан жоғары жарылғыш заттар (ЖЗ). 10. Ғимаратта, құрылыста, кәсiпорында бiр мезгiлде болатын адамдардың есептiк саны алты жүз және одан көп орынға арналған оқу мекемелерi. 11. Ойын-сауық және дiни мекемелерi: 1) ғимаратта, құрылыста бiр мезгілде болатын адамдардың есептiк саны алты жүз және одан көп орынға арналған театрлар, цирктер, кинотеатрлар мен залдары бар басқа да құрылыстар; 2) ғимаратта, құрылыста бiр мезгілде болатын адамдардың есептік саны отыз мың және одан көп орынға арналған ашық трибунасы бар спорттық құрылыстар; 3) ғимаратта, құрылыста бiр мезгілде болатын адамдардың есептік саны бес мың және одан көп орынға арналған жабық трибунасы бар спорттық құрылыстар; 4) ғимаратта, құрылыста бiр мезгiлде болатын адамдардың есептік саны бiр мың және одан көп адамға арналған көрме кешендерi; 5) алаңына қарамастан, мешіттер, шiркеулер мен басқа да дiни құрылыстар; 6) кәсiпорын мүлкінiң теңгерiмділік құны (айлық есептік көрсеткiштерінің саны) бiр жүз мың және одан жоғары телерадиокомпанияның аппараттық-студиялық кешендері. 12. Бес жүз және одан көп кереует-орынға арналған емдеу-алдын алу, сауықтыру мекемелерi, үш жүз және одан көп кереует-орынға арналған балалар емдеу-алдын алу, сауықтыру мекемелерi. 13. Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының, Үкіметi мен Парламентiнің ғимараттары: 1) ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) жұмыс iстейтiндердiң саны жетпiс және одан көп адам болған кезде шаруашылық мақсаттағы ғимараттар (қазандықтар, гараждар, қоймалар және тағы басқалары). 14. Үш жүз және одан көп адамға арналған қонақ үйлер, жатақханалар, кемпингтер, мотелдер. 16. Екi жүз мың бiрлiктен астам мұрағат iстерiн сақтайтын мемлекеттік мұрағаттар. 17. Алаңына және қабатына қарамастан, бiрегей ғимараттар мен құрылыстар. 18. Алаңына және қабатына қарамастан, тарихи-өлкетану, көркем мұражайлары, әмбебап ғылыми кiтапханалар.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен ескерту өзгертілді (бұр. ред. қара) Ескерту. өрт техникасының түрiн (өртке қарсы техникасы немесе инспекторлық құрамы бар), санын, өртке қарсы қызмет жеке құрамының санын, объектiнiң маңыздылығына, өpт-жарылыс қаупiне қарай әрбiр нақтылы жағдайда өрт қауіпсіздігі саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын өртке қарсы қызмет органымен келісім бойынша ұйымның, объектiнiң басшысы анықтайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |